Израиль тәулік ішінде ХАМАС позицияларына 450 соққы жасады

Израиль армиясы соңғы 24 сағат ішінде ХАМАС позицияларына 450 соққы жасағанын хабарлады, деп жазады Кazinform агенттігі ВВС агенттігіне сілтеме жасап. 

Фото: Pixabay

«ЦАХАЛ 24 сағат ішінде Газа секторына үшінші рет жаппай шабуылын жалғастырып жатыр. Ондаған жойғыш ұшақ әл-Фуркандағы нысандарға 200 соққы жасады. Бұған дейін ондаған жойғыш ұшақ сол әл-Фуркандағы 200-ден астам нысанға шабуыл жасаған еді» делінген хабарламада.

ЦАХАЛ мәліметінше, әл-Фуркан — Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС Израильге қарсы шабуыл жасау үшін пайдаланатын аймақ.

ЦАХАЛ өкілі БАҚ-тың 1200 адамның қаза тапқаны туралы ақпаратын растады.

«Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыста 1200-ден астам израильдік қаза тапты» деп хабарлады Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Джонатан Конрикус.

Сәрсенбіге қараған түні бұл цифрды израильдік БАҚ жариялады.

«Израильде қаза тапқандар саны 1200 адамға жетті», — деп мәлімдеді ЦАХАЛ өкілі.

Ол сондай-ақ олардың көбі бейбіт тұрғындар екенін қосып өтті.