Израиль Тегеранға жаңа ауқымды әуе соққыларын жасады

Фото: Mehr news

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль қорғаныс күштері Иран астанасына жаңа кең ауқымды әуе соққылары жасағанын мәлімдеді, деп жазды Kazinform агенттігінің Таяу Шығыстағы тілшісі.

Жексенбі күні Иранның бұқаралық ақпарат құралдары Тегеранның әртүрлі аудандарында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады. IRNA агенттігі Сейед-Хандан, Каср қиылысы, Ванак алаңы және Мотахари көшесіндегі ракеталық және әуе соққыларынан болған «қорқынышты жарылыстар» туралы хабар таратты. Tasnim агенттігі де қала солтүстігінде жарылыстар болғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, дүмпулер астананың батыс бөлігінде, оның ішінде Азади мұнарасы маңында да орын алғаны хабарланды. Әлеуметтік желілерде қала үстінде көтерілген қалың түтін бағандарының видеолары жарияланды.

Кейін Израиль қорғаныс күштері әуе күштерінің Тегеран орталығында иран басшылығына қатысты нысандарға соққы бергенін мәлімдеді.

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе басымдығы орнатылғаннан кейін израильдік ұшақтар тікелей нысанаға тасталатын «stand-in» бомбаларын қолдана бастағанын жеткізді.

Иран Қызыл Жарты Айы Тегерандағы өз штабы мен бірнеше аурухана маңында соққылар болғанын растады. Сонымен қатар, Иран мемлекеттік телерадио хабар тарату компаниясының кешені орналасқан ауданында да жарылыстар болғаны хабарланды.

Бұған дейін Иран астанасына жасалған осындай соққылардан Ислам Республикасының билігі жоғарғы басшысы Али Хаменейдің ажал құшты.