Иран билігі Махшехр қаласы зауытының зақымданғаны туралы хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше сағат бұрын Израиль мен Иранның жаңа шабуылдары оның әкімшілігінің Тегеранмен бейбіт келіссөзіне әсер етпейтінін мәлімдеп, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Вашингтонның Иранмен қол жеткізген кез келген келісімін қабылдаудан басқа «басқа амалы қалмайтынын» атап өтті.
– Оның таңдауы болмайды. Шешімдер мен қабылдаймын. Барлық шешімдерді мен қабылдаймын. Ол шешімдерді қабылдамайды, - деп мәлімдеді Трамп Financial Times-қа берген сұхбатында.
Ақ үй Израильден Иранмен кең ауқымды соғысты тоқтату туралы келісімге жол ашу үшін Ливандағы шабуылдарды тоқтатуды талап етіп отыр.
Израиль армиясы 17 сәуірде күшіне енген және 17 мамырдан бастап тағы 45 күнге ұзартылған атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан Ливанның оңтүстігіндегі Набатия провинциясына әуе соққыларын жасады.
Жауап ретінде Иран Израильдің солтүстігіне зымырандар ұшырды.
Олай болғанымен, Трамп Financial Times басылымына берген сұхбатында Тегеранның шабуылдары оның Иранмен дипломатиялық шешімге келу ниетін өзгертпегенін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, Израиль мен Ливан АҚШ-тың делдалдығымен атысты тоқтату туралы келісімге келді.