Израиль Трамптың атысты тоқтату туралы ұсынысына келісімін берген соң мұнай күрт арзандады
13:21, 24 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні, яғни Израиль АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен атысты тоқтату туралы ұсынысына келісімін берген соң мұнай бағасы соңғы екі аптада ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды Reuters.
Бұл жағдай мұнай өндіретін шешуші өңір саналатын Таяу Шығыстан мұнай жеткізу тоқтауы мүмкін деген қауіпті сейілтті.
Brent мұнайының фьючерстері $3,82 дейін немесе 5,3% арзандап, Астана уақытымен сағат 11:45-те баррелі $67,66 болды.
Сондай-ақ АҚШ-тың West Texas Intermediate мұнайы $3,75 немесе 5,5% арзандап, баррелі $64,76 болды.
Осыған дейін Трамп Израиль мен Иран арасында атыстың толық тоқтатылғанын жариялаған болатын.
Кейінірек Иран Израильмен атысты тоқтату режимі күшіне енгенін мәлімдеді.