ХАМАС-тың содырлар қанаты – Изеддин әл-Кассам бригадасының хабарлауынша, ұрланған израильдіктердің ең кішісі – 10 айлық сәби Израиль әуе шабуылының құрбаны болды. Онымен бірге оның 4 жасар ағасы мен анасы қаза тапты.
Олармен бірге әкесі де ұрланған, ол туралы әлі мәлімет жоқ, ата-әжесі 7 қазанда өлтірілді.
Сейсенбіде ХАМАС ұйымы балалар мен олардың анасын енді ұстамайтынын, оларды басқа топқа тапсырғанын хабарлады. Сондықтан олар атысты тоқтату келісімі аясында босатылғандар тізіміне енген жоқ.