Израиль йемендік хуситтермен соғысуға дайын екенін мәлімдеді

Егер халықаралық қауымдастық хуситтердің теңіз кемелерін басып алуына ешқандай реакция танытпаса, Израиль йемендік хуситтерге қарсы күресуге дайын екенін мәлімдеді. Kazinform бұл туралы CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: edition.cnn.com

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Джо Байденмен сұхбатында йемендік хуситтер Қызыл теңізде Израильмен байланысы бар сауда кемелеріне шабуыл жасап жатқанын айтты. 

Израильдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Цачи Ханегби халықаралық қауымдастық хуситтердің теңіз күштерінің шабуылдарына жауап бермесе, Израильдің оған қарсы өзі күресетінін жеткізді. 

Йемендік хусит көтерілісшілері - 2014 жылдан бері Сауд Арабиясы қолдайтын коалицияға қарсы азаматтық соғыс жүргізіп келе жатқан шейіттік саяси және әскери ұйым. 

Еске сала кетсек, хуситтер қараша айында Қызыл теңіздің оңтүстік бөлігінде Израильмен байланысты жүк кемесін басып алды. 

Кейіннен олар Аден шығанағында фосфор қышқылының жүктерін тасымалдаған Central Park танкерін басып алды.