Израиль жағалауында 2000 алтын монета табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аквалангистер Жерорта теңізінің израильдік жағалауы маңынан көп мөлшерде алтын монеталар тауып алды, деп жазады Би-би-си.

Дайвинг-клуб мүшелері мыңдаған жыл бұрын соғылған шамамен 2000 монетаны тауып алған, деп хабарлайды Израильдің көне мұралар жөніндегі басқармасынан.

Бастапқыда аквалангистер оны құнсыз зат деп есептеген. Алайда кейін оның бағалы алтын екендігіне көздері жеткен.