Израиль жағалауында ірі газ кеніші табылды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Американдық Noble Energy компаниясы және оның израильдық әріптестері Израиль жалағалауларынан ірі газ қорын тапқанын жариялады, деп хабарлады Лента.ру агенттігі. Бұл туралы компанияның ресми сайтында айтылған.

«Левиафан» кенішінде ұңғыларды бұрғылау оның қоры 450 миллиард текше метрге жуықтайтынын қуаттады. Салыстыратын болсақ, «Газпром» жылына 500 миллиард текше метрге жуық газ өндіреді.

«Левиафан-1» учаскесі Хайфадан 130 шақырым жерде 1645 метрлік тереңдікте орналасқан.

Американдықтармен бірге жұмыс істеп жатқан компаниялардың бірі Delek Energy өкілдерінің айтуынша, бұл соңғы 10 жылдағы ірі ашылым болды. Оны игеру Израильдің газ экспорттаушы елге айналуына мүмкіндік береді, атап өтеді Reuters.