«Бүгінгі таңда Қазақстанның Израильдегі Елшілігінде консулдық есепке Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда 77 азамат тіркелген. Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның бес студенті оқиды. Сондай-ақ отызға жуық қазақстандық жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағлымдамадан өтіп жатыр. Барлығы — 112 адам. Тель-Авивтегі дипломаттарымыз Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста және олармен жедел іс-қимыл жасау мақсатында арнайы мессенджерде чат ашты», — деді ол министрліктегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта аталған чатқа Израильде уақытша және тұрақты тұратын екі жүзге жуық Қазақстан азаматы қосылған.