«Қосымша рейс қарастырылмайды. Жалпы кеше „Тель-Авив — Ақтау — Алматы“ бағыты бойынша бір рейс жасалды. 160 азамат келді, борттың мүмкіндігі — 180 адамға дейін. Елге оралғысы келетін барлық азамат Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілді. 166 азаматтың 42-сі шетел азаматы болды», — деді Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Сондай-ақ, министр Израильге әуе қатынасының уақытша тоқтағанын айтты.
Әуе қатынасы Израиль аумағындағы жағдай жақсарғанға дейін жанданбайды.
Еске салайық, Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдаушылық білдірді.