Израильдегі өнеркәсіп аймағында Иран соққысынан кейін өрт шықты
00:05, 30 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM - Израильдің Беэр-Шева қаласына жақын орналасқан Неот-Ховав өнеркәсіп аймағында Иранның зымыранмен жасаған жауап соққысынан кейін ірі өрт тұтанды, деп хабарлайды Анадолы.
Жедел қызметтерден қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнелер тарап жатыр. Кадрларда кешен аумағынан қою қара түтіннің көкке көтеріліп жатқанын көруге болады.
Оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Осыған дейін Израиль армиясы Тегеранға ауқымды соққылар жасағанын хабарлаған болатын.