Сәрсенбі күні кешке Амстердамның орталығындағы бір ғимараттан израильдік футбол клубының жақтастары Палестина туын алып тастап, палестиналық шерушілермен қақтығысты. Бейсенбі күні кешке Еуропа лигасы аясындағы «Аякс» пен Тель-Авивтің «Маккаби» кездесуінде де қақтығыстар болды.
Полиция израильдік жанкүйерлерді қорғау үшін оларды қонақүйлерге дейін шығарып салған. Бұл туралы Амстердам мэрі мен полиция сондай-ақ прокуратура күш бірікітіріп, мәселені қалай шешуге тырысқандары туралы мәлімдеме барысында айтты.
Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам жараланып, 57 адам қамауға алынды, деп хабарлады полиция.
Голландиялық БАҚ-тың хабарлауынша, жергілікті билік қазіргі жағдайға қатты алаңдап отырған Израиль елшілігімен және Амстердамның еврей қауымдастығымен тығыз байланыста.
Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль қорғаныс күштері Голландия астанасында «Маккаби Тель-Авив» футбол клубының жанкүйерлеріне қастандық жасалғаннан кейін Амстердамға «дереу құтқару миссиясын жіберуге» дайындалып жатқанын мәлімдегенін жазған болатынбыз.