- Израиль дайындап жатқан Газадағы операцияның соңы екі ел үшін де апатқа ұласып, өңірді бітпейтін соғыс басталуы мүмкін, - деп жазды Макрон өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Оның сөзінше, әңгіме барысында Макронның өзі және Иордания мен Мысыр басшылары Газада атысты тоқтату, кепілдегі барлық адамдарды босату, тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу ХАМАС-ты қарусыздандыру ғана қақтығысты тоқтата алады деген ортақ ұстанымға келді.
Макронның пікірінше, Франция, Иордания мен Мысыр сияқты өзге де өңірлік серіктестерге Газаны тұрақтандыруға байланысты халықаралық миссияны жүзеге асырып, Израиль мен Палестина халықтары ұмтылып отырған мақсатқа жеткізетін саяси шешім аясында жұмыс жүргізу керек.
Осыған дейін Израильдің Газаны басып алу жоспарын мақұлдағаны туралы жаздық.