Оның айтуынша, барлығы 21 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.
Бұған дейін Al Jazeera Израильдің шабуылы салдарынан Рафах қаласында кем дегенде 20 адамның қаза тапқанын хабарлаған.
7 қазаннан бері Израиль шабуылы салдарынан 20 400-ден астам палестиналық мерт болды. 7 қазандағы ХАМАС соққысынан 1139 Израиль азаматы қаза тапты.
БҰҰ хабарлауынша, Газа секторында екі миллионға жуық адам азық-түлік пен су жетіспеуінен зардап шегіп отыр. Бағалау бойынша, су қорының 96%-і адам тұтынуға жарамсыз. Алғашқы қажеттілік заттары, оның ішінде ауыз су мен дәрі-дәрмек жетіспей жатыр.
Бұған дейін Израиль билігі Газа секторының оңтүстігіндегі халықты дереу көшіруге бұйырғаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ Израильдің Газа секторына соққылары салдарынан 7 қазаннан бері 20 258 адам мерт болды, тағы 53 688-і жарақат алғанын жазған едік.