Шабуылдың негізгі нысанасы көмек күткен бейбіт тұрғындар мен ішкі көшіп-қону болды.
Медициналық ақпарат көздері мен куәгерлердің айтуынша, Израиль күштері Газа қаласының оңтүстігіндегі Хан-Юнистің Әл-Меваси ауданындағы бір үйге шабуыл жасап, екі палестиналықты өлтірді.
Хан-Юнистегі қоныс аударған палестиналықтарға тиесілі 3 шатырдың бомбалануы нәтижесінде 12 адам қаза тапты.
Сонымен қатар, Израиль күштері Хан-Юнис орталығында палестиналықтарға шабуыл жасап, 3 адам қаза тапты, қаланың әртүрлі бөліктеріндегі үйінділерден тағы екі палестиналықтың мәйіті табылды.
Газаның орталығындағы Салах-ад-дин даңғылында Израиль армиясы азық-түлік іздеп гуманитарлық бекеттерге бара жатқан палестиналықтарға оқ жаудырып, 10 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланды.
Еске сала кетейік, Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 56 531-ге жеткені жайлы жазған едік.