Дереккөз Иран билігінің екі өкіліне сілтеме жасап отыр.
Олардың мәліметінше, шақыруға Израильдің «Хезболла» жетекшісі Хасан Насраллаға шабуыл жасау әрекеті себеп болған.
Осы арада «Хезболладағы» қауіпсіздік көздері Иранның PressTV арнасына Израильдің Бейруттің оңтүстігіне жасаған шабуылдарынан Насралланың зардап шекпегенін және қауіпсіз жерде екенін мәлімдеді.
Ливанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дүйсенбі күні Израильдің Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболлаға» қарсы кең ауқымды әуе шабуылдарынан кем дегенде 492 адам қаза тауып, 1645-тен астам адам жарақат алған.