Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан 49 әйел мен 13 бала қаза болды

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Иран мемлекеттік телерадиокорпорациясының мәліметінше, 13 маусымда Израиль Иранға шабуыл бастағалы бері жалпы 627 адам мерт болған, деп жазады Анадолы.

Қаза тапқандардың арасында — 49 әйел мен 13 бала бар, олардың ең кішісі — екі айлық нәресте.

Сонымен қатар, Израиль қарулы күштері елдің әртүрлі қалаларында 7 аурухана мен 11 жедел жәрдем көлігін тікелей нысанаға алғаны хабарланды. Бұл шабуылдардан 5 медицина қызметкері көз жұмған.

Иран мемлекеттік телеарнасы хабарлағандай, 13 маусымда басталған Израиль шабуылдары кезінде тоғыз журналист опат болған.

Қаза тапқан БАҚ қызметкерлерінің қатарында Иран Бас штабының бастығы Мохаммад Багеридің қызы — Фереште Багери, Ихсан Закири, Әли Техмасеби, Моин Незери, Рамазан Әли Чубдари, Эмир Хоссейн Тавуси, Мохаммад Джавад Элвенди, Масуме Азими және Нима Раджабпур бар.

Масуме Азими мен Нима Раджабпур 16 маусымда Израиль әуе шабуылы кезінде Иранның телерадио корпорациясы (IRIB) ғимаратына жасалған соққы салдарынан көз жұмған.

Бұған дейін Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның мемлекеттік телеарнасының редакциясы орналасқан ғимаратқа соққы жасағанын жазғанбыз.