Израильдің мақсаты Газа секторын басып алу емес – Биньямин Нетаньяху

Фото: Anadolu

Бүгін Халықаралық қылмыстық сотта Оңтүстік Африканың Израиль әрекетін Палестина халқына жасаған геноцид деп тану туралы талабы қаралады. Оңтүстік Африка Республикасының талабы бойынша сот процесі басталмас бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazinform DW сайтына сілтеме жасап.

Биньямин Нетаньяху Израиль Газа секторын басып алуды немесе бейбіт тұрғындарды қуып шығуды көздемейтінін айтты.

Оның айтуынша, бұл израильдіктер мен палестиналықтар үшін жарқын болашаққа бастайтын әрекет.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының соңында ОАР Газа секторындағы жағдайға байланысты Гаагадағы халықаралық сотқа геноцид конвенциясына сәйкес Израильге қарсы шағым түсіріп, сотты Израильге қарсы уақытша шара қолдануға шақырған болатын.

Қараша айының басында ОАР үкіметі Израиль әсерінің Газа секторында жалғасып жатқан әскери операциясына байланысты консультацияларына сәйкес Израильден дипломаттарын қайтару туралы шешім шығарды.