Израильдің орталық банкі валюта бағамын тұрақтандыру үшін интервенция жасамақ

Израильдің орталық банкі валюта бағамын тұрақтандыру үшін 30 млрд долларға интервенция жасамақ, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Фото: wikipedia

«Израиль Банкі 30 млрд доллар сомасында шетелдік валютаны сату бағдарламасын жариялайды. Банк бұл кезеңде шекельдің айырбас бағамының құбылмалылығын жеңілдетіп, нарықтағы өтімділігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейтін болады», – делінген ресми мәліметте.

Израиль Банкі 30 млрд долларлық интервенция жағдайды тұрақтандырмаса, қосымша шаралар қабылдауға әзір екенін мәлім еткен.

«Банк 30 млрд долларлық бағдарламадан бөлек, қажет болған жағдайда, нарыққа SWAP механизмі арқылы 15 млрд долларға дейін өтімділік ұсынады. Израиль Банкі оқиғалардың өрбу барысын қадағалап отырады және қажеттілігіне қарай қолдағы құралдардың бәрін қолдана отырып әрекет етеді», - деп жазылған Израиль Банкінің ресми сайтында.