Израильдің Сербиядағы елшілігін күзетіп тұрған полиция қызметкеріне шабуыл жасалды

АСТАНА. KAZINFORM – Белградтағы Израильдің Сербиядағы елшілігін күзетіп тұрған полиция қызметкері жараланды. Ішкі істер министрі Ивица Дачич мұны лаңкестік әрекет деп бағалады. Бұл туралы Euronews жазды.

Фото: Dado Đilas

«Арбалетпен шабуылдаған адам Белградтағы Израиль елшілігін күзетіп тұрған серб полицейін жаралады», - деп хабарлады Сербия Ішкі істер министрлігі.

Жауап ретінде полиция қызметкері шабуылдаушыны атып өлтірген. Ішкі істер министрі Ивица Дачич мәлімдемесінде оқ полиция қызметкерінің мойнына тигенін айтты. Оның айтуынша, офицер өзін-өзі қорғау үшін қару қолданған. Белградтың бас жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген полицей ес-түссіз болған. Шабуыл жасаушының жеке басы әлі анықталып жатыр.

«Шабуылдың барлық мән-жайы мен ықтимал себептері зерттеліп жатыр», - деді Дачич.

Елшілік бүгін жабық, қызметкерлері жоқ.