Агенттік таратқан деректерге қарағанда, Сана мен Джауф провинциясына жасалған шабуылдар салдарынан мерт болғандар арасында 5 бала мен 11 әйел бар. Зардап шеккендердің ішінде 31 нәресте және 29 әйел бар.
Осыған дейін Израильдің Йемен астанасы Санаға және Джауф провинциясындағы қалаға жасаған соққысынан 35 адам мерт болып, 131-і жарақат алғаны хабарланған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Израильдің Йемендегі хуситтердің маңызды нысандарына соққы жасағаны туралы жаздық.