«JańaDala/GreenDay 2024» көрмесіне 200 компания қатысып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС егіс даласында өтіп жатқан дәстүрлі форумға жиналған ауыл шаруашылығы саласының өкілдері агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелерді талқылауға ниетті. 

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ал, көрмеде заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары, асыл тұқымды төрт түлік, агротуризм саласындағы инновациялық әзірлемелер қойылған. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған сала мамандары тәжірибе алмасып, жаңашылдықтарымен бөлісуде.

Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

Форумның ашылуына сөз алған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мұндай іс-шаралар шаруалар үшін өте маңызды екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімін екі есеге арттыруға тапсырма берді. Ол үшін өсімдік шаруашылығында да, мал шаруашылығында да заманауи технологияларды енгізіп, аграрлық ғылымның жетістіктерін пайдалану маңызды. Бұл ретте, «JańaDala/GreenDay 2024» көрмесінде өндіріс тиімділігін арттыратын түрлі техникалар қойылған. Мұнда әлемнің 20 елінен 200 компания соңғы үлгідегі технологияларын ұсынып отыр. Шаруалар өзара тәжірибе алмасып, жаңа техникаларды өз шаруашылығында кеңінен қолдануға ниетті», - деді министр.

Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

Сондай-ақ, ол елімізде өндіріс пен тиімді экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы ауданы 200 миллион гектардан асады екен. Оның ішінде 25 миллион гектар егістік жер және 180 миллион гектар жайылым тіркелген. 

Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

«Мұндай көрсеткіштер ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді. Өсімдік және мал шаруашылығындағы барлық дерлік технологиялық процесс субсидияланады. Жеңілдетілген несиелер мен лизинг беріледі. АӨК үшін арнайы салық режимі қолданылады», - деді Айдарбек Сапаров.

Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

Көрмеде алып техникалармен қатар, асыл тұқымды ірі қара, қой түрлері жұрт назарына түсті. Салмағы 800 келіден асатын Ангус тұқымды бұқаға, тұрпаты бұзауға ұқсас дорпер қойына жиналғандар қызығушылық танытып жатты.

Фото: Kazinform/Виктор Федюнин
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин