17 қараша күні пікірталасқа кездейсоқ таңдалған жоқ. ЮНЕСКО-ның бастамасымен дәл осы күні Дүниежүзілік философия күні атап өтіледі. Осы күні осындай кездесуді ұйымдастыру – бұл адамға сыни ойлауды, сындарлы пікір алмасуды және шындықты іздеуді үйрететін философияға құрмет көрсету тәсілі, деді пікірлесушілер.
Кездесуде философия ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі Күлшат Медеуова және философия докторы, Эксетер университетінің оқытушысы Нелли Бекус сөз алды.