Japan Airlines әуе компанияға кибершабуыл жасалғанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM – Japan Airlines әуе компаниясы ұшу жұмыстарына әсер етуі мүмкін кибершабуылға ұшырады, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап. 

Фото: Shutterstock/Kittikun Yoksap

- Біз кибершабуылға ұшырағанымызды және қазір жағдайды зерттеп жатқанымызды растай аламыз. Рейстердің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін, - деп мәлімдеді JAL өкілі AFP-ға.

Оның айтуынша, тасымалдаушы әзірге толығырақ ақпаратты ұсына алмайды.

Kyodo мәліметінше, бұзылу қазірдің өзінде тоғыз ішкі және бірнеше халықаралық рейстің кешігуіне әкелді. JAL сондай-ақ билеттер сатылымын уақытша тоқтатуды жоспарлап отыр.

Japan Airlines — Жапонияда үлкендігі бойынша All Nippon Airways-тен (ANA) кейін екінші орында тұрған әуе компаниясы.

Қаңтар-қараша аралығында Жапонияға 33 млн шетелдік турист келгенін жазған болатынбыз.