Jastar kerýeni: Қазақстан жастары ел аралап, әлеуметтік мәселелерге үн қоспақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадан «Jastar kerýeni» ауқымды жобасы басталды. Жоба аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінің жастары төрт күн бойы бойы республиканың киелі орындарын аралайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл – Қазақстан тарихындағы ең ауқымды жобалардыңбірі әрі ең ірі туристік жоба десе де болады. Жобаның мақсаты – жастар арасындаішкі туризмді насихаттай отырып, облыстар арасындағы интеграцияны нығайту.Қазіргі таңда Қазақстанның жастары ашық әрі жігерлі, жаңашылдыққа құмар. Міне,осы ретте Қазақстан жастары өз ауылдастарымен ғана емес, түкпір-түкпірдегіқұрдастарымен тіл табысып, достасса дейміз. Жобаны сол үшін жолға қойдық.Жастар төрт күн бойы Қазақстанның киелі орындарын аралау үшін жеті облыстаншығады. Әр топта 99 адамнан болады», - деді елордада жобаның таныстырылуыкезінде Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолғақойған. Яғни, алдағы аптада жеті жүзге жуық жас өрен Ақмола, Қарағанды,Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақтан және Алматы облысын аралайды.Сондай-ақ, жастар Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларына да барып қайтады.

«Бізбен бірге әйгілі вайнерлер, тележүргізушілер,қазақстандық эстрада жұлдыздары барып, жастармен бірге жүреді. Олар жастарменбір автобуста немесе пойызда ел аралайды. Менің ойымша, жастар өздерініңтабысты замандастарымен көбірек тіл табысуға мүмкіндік алады», - деді ТоқтарБолысов.

Жастар конгресінің атқарушы директоры өз сөзінде атапөткендей, «Jastar kerýeni» жобасының арқасында бірқатар әлеуметтік мәселелер дешешімін табады.

«Жастар ел аралап қайтып келгеннен кейін оларданәлеуметтік мәселелерге қатысты ұсыныстарын жинасақ дейміз. Әлбетте, бір жердеинфрақұрылым бар, екінші жерде жоқ болуы мүмкін. Бірақ, біздің жастар осыныңбәрі өз көзімен көріп, бізге өз ойларын айтып берсе дейміз. Жастардың дауысынтыңдай отырып, керек жерде кәсіпкерлерді немесе мемлекеттік органдарды өзектімәселелерді шешуге тарта алар едік», - деді ол.

Жобаға қатысуға 1500 бала өтініш берген. Арнайыкомиссия олардың ішінен 680-ін таңдап алыпты. Ал кешке қарай елордада жастарслеті өтіп, оған 1700-ге тарта жас өрен қатысқалы отыр.

Соңғы жаңалықтар