«Jastar Otanga»: Инновациялық идеялар байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастардың инновациялық идеяларына инвестор табуды көздейтін «Jastar Otanga» жобасына өтінімдерді қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауы алғашрет 2017 жылы өткен болатын. Ол кезде негізінен ІТ, медицина, ауыл шаруашылығы, қоқыс өңдеу, қызмет көрсету салаларыбойынша небір тың бастамалар көтерілген еді.Жалпы алғанда, жобалардың бағыты мен саласына шектеу жоқ. Тек инновациялық тұрғыдаұтымды болуы шарт. Жобаның қаржы қоры әлі анықталған жоқ. Негізінен жастардыңбизнес идяларына «бизнес-ангелдер»табу, яғни инвесторлардың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылады. Өтінімдер 20 қыркүйекке дейін www.bolashak.gov.kz сайты арқылықабылданады», - деді Лаура Демесінова.

Брифингте Азаматтық бастамаларды қолдау орталығыныңбасқарма төрағасының орынбасары Гүлбану Заманбекова биыл гранттық негізде 10бағыт бойынша 109 жоба әлеуметтікқаржыландырылып жатқанын атады.

«Бүгінде гранттық қаржыландыру арқылы 109 әлеуметтікжоба жүзеге асып жатыр. Оның 44-і жастарға бағытталған. 500 үкіметтік емесұйымның ішінен 89 ұжым іріктеліп алынды. Бір айта кетерлік жайт, осындайжобаларға жергілікті үкіметтік емес ұйымдар белсендірек қатысса екен дегентілегіміз бар. Бұған жергілікті атқарушы органдар да ықпал етуі тиіс.Әлеуметтік жобаларға өңірлердегі ұйымдар атсалысса, оның ауқымы кеңейіп, жұрттысоғұрлым көбірек қамтитын едік», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар