Шараға ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов қатысады. Авиашоу аясында министрдің қатысуымен кіші авиацияны дамыту мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтеді.
Аталған авиашоу ұшу техникаларына арналған еліміздегі ең ірі шоу болмақ. Оған жалпы құны 10 миллион еуродан асатын жеңіл ұшақтар мен тікұшақтардың 20 данасы қатыстырылмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша шараны 2 мыңға жуық адам тамашалайды. Шара «Аэропракт» авиакомпаниясы мен «Jeppesen Party», Chesnok.kz Event агенттігінің ұйымдастыруымен өтеді.