Жеребе қорытындысы бойынша алғашқы командалық теледебатқа қатысатын партия өкілдерінің сөз сөйлеу реті анықталады.
Телевизиялық дебат Jibek Joly телеарнасында 12 тамыз күні сағат 20:00-де өтеді.
Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі.
Қатысушылар:
«Әділет» партиясы - Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
ЖСДП - Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
«Байтақ» партиясы - Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
Қазақстан Халық партиясы - Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
«Ауыл» партиясы - Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
«Ақ жол» партиясы - Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
Respublica партиясы - Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.