Jibek Joly көрермендері еліміздің бас алаңындағы Жаңа жыл шоуын тікелей эфирден тамашалай алады

Сағат 23:30-да Jibek Joly телеарнасының көрермендері еліміздің бас алаңы – EXPO-дағы мереке атмосферасын тікелей эфир арқылы тамашалап, 2023 жылды шығарып салып, Жаңа 2024 жылды қарсы алады. Қызықты шоу-бағдарламаның хедлайнерлері — «Kalifarniya» мен Amre, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Фото: Jibek Joly

Сүйіспеншілікпен дайындалған және Jibek Joly арнасында тікелей эфирде көрсетілетін үлкен жаңажылдық концертке достарыңызбен, отбасыңызбен немесе сүйіктіңізбен келіңіз.

Сағат түнгі 00:00-ден кейін Ләйлә Сұлтанқызы мен Арман Давлетяровтың «Төрлет, жаңа жыл» жобасындағы жалынды әуендер шырқалып, шынайы сұхбаттар жүргізіледі. Арнайы шығарылымда ең сүйікті жаңа жылдық хиттер орындалады!

Бұл - еліміздің ең жас телеарнасының 2-ші маусымы, ол бүкіл отбасы үшін тәулік бойы сиқырлы көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан Jibek Joly эфирінде әр бағдарламада мерекелік атмосфера қалыптасады.

Кішкентай Аделия Қалабаева 31 желтоқсандағы таңы қалай басталатынын нақты біледі. Машаның қазақ тіліндегі шығарылымдағы таңғы қылықтары жаңажылдық қарбаласқа жағымды эмоциялар сыйлайды.

Арнадан Нұрлан Қоянбаев пен Тәуекел Мүсілім түскен «My love is Aisulu» және «Папа поневоле» фильмдерін тамашалауға болады.

Қыдырәлі Болманов пен Қарақаттың «Жақсы адамдарым» және Нұрлан Қоянбаевтың «Жаңа жылғы студия» сүйікті жобаларының мерекелік шығарылымдарын тамашалау кезінде көрермендер әсем әуен, сүйікті әртістер және әзілмен өтетін нағыз жаңажылдық атмосфераны сезіне алады.

Ал, бүкіл отбасы үлкен мерекелік дастарханға жиналғанда, эфирде «Бір ел-бір отбасы» мюзиклі басталады. Жобаның түсірілімі көркем Көкжайлау маңында өтті. Мюзикл жаңа жыл түні үйде жалғыз қалған...немесе мүлде жалғыз болмаған кішкентай Жібек оқиғасы жайлы баяндайды.

Әсерлі мюзиклден кейін арнаның эфир эстафетасы Тұрсынбек Қабатовқа тапсырылады. Оның «Жаңа жылға — жаңа концерт» стендап-концерті - бұрыннан ешкім естімеген күлкілі әңгімелер мен әзілдер жинағы.

Еске сала кетейік, бүгін Jibek Joly телеарнасында жаңажылдық эфир.