«Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының (бұдан әрі – Телеарна) меншік иесі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген саяси партияларға (бұдан әрі – Саяси партия) Телеарнада сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастырудың төлеу мөлшері, шарттары туралы хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады. Осылайша, Үгіт материалдарын телеарна эфирінде орналастыру 2026 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін жүзеге асырылады және 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады.
Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру Кәсіпорын мен партиялық тізімдерді ұсынған Саяси партия немесе Саяси партияның уәкілетті тұлғасы арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру қолда бар техникалық және эфирлік мүмкіндіктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Телеарнада эфир уақытын беру төмендегі Үгіт материалдарын:
1. мемлекеттік немесе мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнероликтер;
2. арнайы репортаждар;
3. өзге де Үгіт материалдарын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасасуға Саяси партияның не оның уәкілетті өкілінің Кәсіпорын басшылығының атына жазбаша өтініші негіз болып табылады. Үгіт материалдарын эфирде орналастырудың саны, көлемі, болжанатын күні мен уақыты Саяси партияның не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олар кейіннен шарттың талаптарымен бекітіледі.
Өтініш Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) партиялық тізімнің ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар (сенімхат).
Саяси партиялардың Үгіт материалдарын Телеарна эфирінде орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребені өткізу тәртібі мен шарттарын Кәсіпорын айқындайды.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте сұралған уақыт бұрын жүгінген басқа Саяси партияға берілсе не техникалық мүмкіндіктері бойынша берілмесе, Кәсіпорын Саяси партияға Телеарнаның техникалық және эфирлік мүмкіндіктерін ескере отырып, Үгіт материалдарын орналастыру үшін өзге уақыт ұсынады.
Үгіт материалдары мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
Жазу форматы: FULL HD 16: 9.
Бейне: Apple ProRes MXF Op1a форматы, Apple ProRes proxy, 50 кадр/сек, 1920x1080 ажыратымдылығы, Progressive сканерлеу түрі, кадр арақатынасы 16:9
Аудио: PCM, WAV, 24 бит, 48 kHz форматы, -12 ДБ деңгейі, материалдың соңғы нұсқасындағы дыбыс 1-ші стерео арнаның сол жақ жолына түсіп, оң жақ жолға көшірілуі керек (жалған стерео). Бейне және аудио MXF ОР-1а контейнерінде болуы керек.
Үгіт материалдары сыртқы тасымалдағыштарда (қатты диск, флэш-карта) не электрондық жадқа сілтеме беру арқылы беріледі.
Үгіт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйым, тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ қаржыландыру көздері туралы мәліметтер болуға тиіс. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде үгіт материалдарын дайындауға, анонимді үгіт материалдарын таратуға, сондай-ақ ағымдағы науқанға дайындалмаған материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Үгіт материалдарында конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни басымдық немесе алауыздық, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, сондай-ақ оларда басқа саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, Кәсіпорын Үгіт материалдарын орналастырудан бас тартады.
Үгіт материалдары Кәсіпорынға сайлау алдындағы үгіттің бірінші күнінде жазбаша өтініш берген күнінде, эфирге шығуға дейін 6 сағаттан кешіктірілмей, ал келесі күндері – Телеарна эфиріне болжамды шығуға дейін кемінде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуға тиіс.
Үгіт материалымен бір мезгілде: Кәсіпорынмен шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің толық жазылуы, бейнелері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлердің жазбаша рұқсаттары, Үгіт материалдарында кәмелетке толмаған балалардың бейнелері пайдаланылған жағдайда – заңды өкілдердің жазбаша рұқсаттары ұсынылады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда Үгіт материалдарын орналастыру жүргізілмейді не бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Үгіт материалдарын Телеарнада орналастыру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін
1. «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасы эфирінде материал орналастыру үшін эфирлік уақыт беру
№№ | Қызмет атауы | Хронометражы (секундтықтарификациямен) | Шығу уақыты | ҚҚС-пен 1 минуттың құны |
1 | Бейнеролик орналастыру | 1 минут | 00:00-24:00 | 150 000 |
2 | Арнайы репортаж орналастыру | 1 минут | 00:00-24:00 | 150 000 |
2. Пікірталас, жарыссөз, талқылау нысанындағы бағдарламаларды түсіріп шығару және тарату
№ | Қызмет атауы | Құны, теңге ҚҚС-пен |
1 | Тапсырыс берушілердің шоғырландырылған талабы бойынша YouTube және Instagram платформаларындағыТелеарнаның аккаунттарында орналастыру мүмкіндігімен пікірталас, жарыссөз, талқылау нысанында телевизиялық бағдарламаны түсіріп шығару және тарату | 10 000 000 теңге (Кемінде 7 саяси партияның қатысуы шарттарымен әрбір саяси партияға) |
*саяси партиялардың саны 7-ден аз болған жағдайда, 70 млн. теңгені құрайтын телевизиялық бағдарламаны түсіріп шығару мен таратудың жалпы құны іс жүзінде қатысқан Саяси партиялар арасында барабар бөлінеді. | ||
Үгіт материалдарын Телеарна эфирінде орналастыру олар эфирге шыққан кезде Телеарнаның хабар тарату орталарында Телеарнаның эфирлік сигналының құрамында таратуды қамтиды.
Үгіт материалдарын Телеарна эфирінде орналастыруға арналған шарт бойынша төлем шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кәсіпорын ұсынған төлем шоты негізінде жүзеге асырылады
Кәсіпорын жазбаша өтініштерді 2026 жылғы 23 шілдеден бастап 2026 жылғы 18 тамызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 09.00-ден 18.00 минутқа дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, Астана қаласы, Ақмешіт көшесі 3 мекенжайы бойынша 6 қабат, 606 кеңседе, 570269 (ішкі 620) телефон арқылы қабылдайды.
Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.
Қазақстан Республикасы Президенті
Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы
Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК