Бүгін сағат 17:30-дан бастап Jibek joly world телеарнасы Рим Папасы Францисктің Қазақстанға келуін тікелей эфирден көрсетеді.
Съезд жұмысы аяқталғанға дейін телеарна сессияларды ағылшын тілінде таратады, сондай-ақ ағылшын тілінде эксклюзивті сұхбаттар ұсынады.
Айта кетейік, телеарна елімізде ғана емес, Қазақстаннан тыс жерлерде әлемнің 120 елінде қазақ, ағылшын, орыс, қырғыз және өзбек тілдерінде көп арналы форматта таратылады. Бұған дейін хабарланғандай, 14-15 қыркүйекте Қазақстан астанасында Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді. Айта кетейік, Рим Папасы Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі аясында Қазақстанға алғаш рет сапармен келеді. «2022 жылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Францисктің Қазақстанға мемлекеттік сапары болады. Сапар аясында Папаның Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі (13 қыркүйек), Қазақстан жұртшылығы мен дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеуі (13 қыркүйек, «Қазақстан» ОКЗ), месса (14 қыркүйек, ЭКСПО) және VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне (14-15 қыркүйек) қатысуы жоспарланған», - деді Айбек Смадияров.