Jibek Joly журналисі AMANAT жүлдесін жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Jibek Joly телеарнасының жүргізушісі Айгүл Мүкей журналистер арасында ұйымдастырылған республикалық «AMANAT» сыйлығын жеңіп алды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары күні мерекесі қарсаңында Астанада өтті. Журналистерге марапатты Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов табыстады.
«AMANAT» партиясы журналистер арасындағы республикалық байқауды 15 жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Биыл байқауға шамамен 200 адамнан 1500-ге жуық еңбек келіп түсті. Олардың көпшілігі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан келген. Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл келіп түскен барлық еңбектердің 30% «Біз біргеміз» су тасқынымен күрес туралы» аталымына жолданған.
«AMANAT» партиясының спикері Ерлан Қошанов сыйлық иегерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Журналистер – мемлекет пен қоғамның арасындағы алтын көпір. Сіздер елдің даму бағдарын, Мемлекет басшысының реформаларын, оң өзгерістерді халыққа жеткізуде шешуші роль атқарып келесіздер. Президент айтқандай, тек мықты, кәсіби және дербес масс-медиа ғана шынайы идеологиялық егемендігімізді қамтамасыз ете алады. Күні кеше оның тапсырмасы бойынша әзірленген «Масс-медиа туралы» Заңға қол қойылды. Бұл құжат журналистер құқығының қорғалуын күшейтіп, отандық медиа саланы дамытуға тың мүмкіндіктер береді», – деді ол.
Қазіргі уақытта Айгүл Мүкей – Jibek Joly телеарнасындағы «Жаңа уақыт» ақпараттық-талдау бағдарламасының жүргізушісі. Көрермендерді елде және әлемде болып жатқан негізгі оқиғалар туралы хабардар етеді.
Сонымен бірге, А. Мүкей «Ozger» бағдарламасын жүргізеді, онда өмірлік қиын жағдайға тап болған кейіпкерлерге көмек көрсетеді, олардың имиджін өзгертіп, жарқын, белсенді болуына септігін тигізеді.
«Amanat — 2024 медиа сыйлығын» табыстау рәсімінде Айгүл ҚР Президентінің телерадиокорпорациясына шығармашылыққа жаңаша көзқараспен танылуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғыс білдірді және өзінің ұстазы Камал Смайылов болғанын атап өтті.
Айта кетейік, «AMANAT медиа сыйлығы» БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі. Байқау жеңімпаздары 10 номинация бойынша анықталады.
1) «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал» - «Qazaqstan» телеарнасындағы «Апта» бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі Жайна Сламбек;
2) «Адал азамат» туралы үздік материал» - «24 KZ» телеарнасындағы «Арнайы жоба» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Айғаным Достанбай;;
3) «Жастар туралы үздік материал» «Aikyn.kz» сайтының редактор-журналисі Алтынбек Мерсадық;
4) «Аймақ туралы ең үздік материал» - «Индустриальная Караганда» газеті директорының орынбасары-бас редактор Оксана Мягких;
5) «Партия жұмысы туралы үздік материал» - «Литер» газетінің тілшісі Мергуль Джилкишинова;;
6) «Алаш» қозғалысы туралы үздік материал» - «Caspian News» телеарнасындағы тақырыптық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Айдос Қарабала;;
7) «Біз біргеміз» — су тасқынымен күрес туралы үздік материал» - «Қазақ радиолары» ақпараттық-сараптау қызметінің редакторы Азамат Тілепов;
8) Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы - журналист әрі тележүргізуші Айгүл Мүкей;;
9) «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы - «Mangystau» телеарнасының редакторы әрі жүргізуші Шынар Жұмасат;
10) Қаныш Сәтбаев атындағы «Ғылым әлемі» сыйлығы - «Qazaqstan» телеарнасының арнайы тілшісі Азамат Нұғыманов.