Жеңіс Қасымбек «өмір сүру сапасы негізінен таңдаған мамандық пен жұмысқа байланысты екенін, дегенмен қала тұрғындарының бәрі бірдей белгілі бір мамандық иесі бола алмағанын» атап өтті.
Сондай-ақ бірер ай бұрын іске қосылған жоба арқылы нарықтағы қажетті дағдыларды меңгеруге және жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік ашылғанын тілге тиек еткен.
«Қыркүйек айында біз JOLTAP әлеуметтік жобасын іске қостық. Жоба мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнес ашуға өтінім беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша тегін консультация береді. JOLTAP жобасы аясында қала тұрғындары қысқа мерзімді екі бағдарламада тегін білім алады», — деп жазады Жеңіс Қасымбек.
Бірінші бағдарлама тігінші, наубайшы, сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандыру қызметінің әмбебап қызметкері, бариста сияқты 5 жұмысшы мамандығын оқытуға арналған.
Екінші бағдарлама — «Freelance Mumkindik» 7 цифрлық дағдыны оқытады: таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер (сайт әзірлеу).
Бұл жобада қатысушылар теориялық қана емес, практикалық білім де алады. Сол сияқты оларға сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.
Оқыту ұзақтығы бағдарламаға байланысты он күндік курстан бір жарым айға дейін созылады.
JOLTAP жобасы Мемлекет басшысының нәтижелі жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, белсенді әлеуметтік саясаттың қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
Жоба құралдары туралы толық ақпаратты «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктері арқылы мына мекенжайлардан алуға болады:
Жастар сарайы, Республика даңғылы, 34;
«Тұлпар» СО, Ш. Уәлиханов көшесі, 24;
Euromall СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 24;
Ailand СОО, Қорғалжын тасжолы, 2;
«Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;
«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;
«Азия Парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;
Magnum супермаркеті, Еділ көшесі, 26;
«Саянұр» базары, Тілендиев даңғылы, 24/5;
«Big Шанхай» СҮ, Алаш тасжолы, 32а.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін JUMYS TAP (@jumystap_bot) Telegram-бот іске қосылды, онда маңызды бос жұмыс орындары жарияланады.