Сатуға шығарылған монеталар:
- Алтын жалатылған 925/1000 сынамалы күміс (777,5 г) — 100 дана
- Алтын жалатылған 925/1000 сынамалы күміс (311 г) — 300 дана
- Алтын жалатылған 925/1000 сынамалы күміс (31,1 г) — 1000 дана
- Мельхиор (15 г) — 8 000 дана.
Дизайн ерекшелігі:
Монеталарда мүсінші Ғазиз Ешкеновтің туындысы – Жошы хан ескерткіші бейнеленген. Келесі жағында Алтын Орданың монеталарынан құралған коллаж бар.
Бұған дейін Ұлттық банк JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын жазған болатынбыз.