JP Morgan Мэдоффтің ісі бойынша 1,7 млрд. доллар төлемек

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Америкалық ірі банктердің бірі JP Morgan Chase 150 жылға бас бостандығынан айырылған қаржыгер Бернард Мэдоффтің астыртын әрекетінен зардап шеккендер үшін 1,7 миллиард АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуге келісті.

JP Morgan Нью-Йорктің прокуратурасымен келісімге келіп отыр. Банк өкілдері несиелік ұйым ақшаның ізін жасыруға қарсы күрес бойынша тиімді бағдарлама құра алмағанын, сондай-ақ банк клиентінің күдікті белсенділігі туралы билікті ескертуге қауқарсыз болғанын мойындады.

Алайда, алпауыт банк өзінің қызметкерлерінің бірде-бірі Мэдоффке әдейілеп көмектеспегенін алға тартуда.

Қол жеткізілген келісімге сәйкес, банк қызметкерлері қалмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Мэдоффті төрт жыл бұрын оған сенген инвесторларды 65 миллиард долларға алдағаны үшін соттағант болатын.