Junior Eurovision-2018: Данэлияның өнерін қайдан тамашалауға болады
Биылғы ән додасына Қазақстан жас әншісін ең алғаш рет бәйгеге қосқалы отыр.
19 қарашада жеребе тасталады. Жеребе тастау салтанатын «Хабар» арнасында түнгі 23.00-те тамашалауға болады.
Ал 25 қараша күні 21:00-де «Хабар» арнасы байқауды тікелей эфирден көрсетеді.
Барлық өнерпаздардың өнерін тамашалаған соң қазылар алқасы дауыс беруге кіріседі. Олардың қатарында 3 ересек әнші мен 2 бала бар. Сонымен қатар дауыс беруге көрермендер де қатыса алады.
«Қазақстандықтар тек қана Данэлияға дауыс беріп қана қоймай, басқа да ұнаған конкурсанттарға дауыс бере алады. Көрермендерге бұл мүмкіндік 23-25 қараша арасында junioreurovisioin.tv сайтында беріледі. Халықаралық Junior Eurovision-2018 байқауы ересектерге арналған байқаудың баламасы. Биыл Қазақстан 14 жылда бірінші рет қатысқалы отыр. Қазақстанда байқауды «Хабар» арнасында тамашалауға болады», - деді «Хабар» телеарнасының баспасөз қызметі.