Халықаралық ән байқауын Хабар арнасы тікелей эфирден көрсетіп жатыр.
19 елдің жас әншісі бақ сынайтын халықаралық ән байқауына еліміздің атынан Ержан Максим қатысады. Ән додасында Ержан Максим 10-болып шығады. Талап бойынша олар еш жерде жарияланбаған 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы керек.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 ел үміткерлері үшін дауыс беру қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түні сағат 01.00-де басталды. Онлайн-дауыс беру бүгін, сағат 21.00-де уақытша жабылады. Одан соң 15 минутқа қайта ашылып, тағы бір мәрте дауыс беру мүмкіндігі беріледі.