Ән байқауының тікелей трансляциясы «Хабар» телеарнасының эфирінде жүріп жатыр. Сондай-ақ Junior Eurovision-нің YouTube-арнасынан байқауды онлайн көруге болады.
Қазақстандық Давид Чарлин жоба үшін арнайы жазылған «Жер-Ана» атты композициясын орындады.
10 желтоқсан күні сағат 01:00-де басталған дауыс берудің алғашқы кезеңі бүгін бірер минут бұрын ғана аяқталғанын еске саламыз. Қатысушыларға дауыс берудің екінші кезеңде бүгін барлық қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін 15 минутқа қайта ашылады.
Давид Чарлинге дауыс беру үшін: https://junioreurovision.tv/ немесе https://jesc.tv/ сілтемелері арқылы сайтқа кіру; тізімнен Давид Чарлинді таңдау; «Дауыс беру» батырмасын басу.
Айта кетейік, Қазақстан «Junior Eurovision» әлемдік ән додасына осымен бесінші мәрте қатысып отыр. Бұл жолы елімізден басқа еуропалық 15 мемлекеттің жас әншілері бақ сынайды.
Еске салсақ, 2018 жылы бұл байқауға Қазақстан атынан алғаш болып жас әнші Данелия Тулешова қатысып, 6-орын иеленген болатын. 2019 жылы жалпы дауыс беру нәтижесінде Ержан Максим 2-жүлделі орынға ие болды. 2020 жылы Қарақат Башанова да 2-орынға табан тіреді. Былтыр Қазақстаннан Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин қатысып, 19 елдің ішінен 8-орынға тұрақтады.