Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Алматы) өз акционерлерінің өткен жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер мынандай шешімдер қабылдады:
- тәуелсіз аудиторлардың есебін ескере отырып, банктің 2021 жылға
қаржылық есептілігін бекіту;
- Банктің 2021 жылға жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін
және төленбесін;
- Банктің 2021 жылғы таза кірісі бөлінбесін және бөлінбеген таза кіріске
жіберілсін.