Jusan Bank-тің кейбір акцияларына тыйым салынды
21:14, 21 Ақпан 2023
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- First Heartland Securities компаниясына тиесілі Jusan Bank акцияларына тыйым салды. Бұл туралы ақпарат KASE сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақпаратқа сәйкес, тыйым Jusan Bank акцияларының 78,23 пайызына иелік ететін First Heartland Securitiesтің 131,3 млн дана қарапайым және артықшылыққа ие акцияларға салынды. Шешімді Алматының аудандық соты 15 ақпанда шығарған, бірақ ол тек 21 ақпанда жарияланып отыр.
Кейбір мамандар, банк акцияларының сатылуы Jusan Bank- тың тұрақтылығына әсер етпейтінін атап өтеді. Банктің акциялары банктің өзіне емес, басқа компаниялар мен жеке инвесторларға тиесілі. Кез келген жағдайда банк акциялары клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін капиталдың жеткіліктілігіне де, өтімділігіне де әсер етпейді-міс.
Сонымен қатар Назарбаев зияткерлік мектептері Jusan-ды елге қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады.