Қалилла Насыроллаұлы Абдуллаев 1971 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (инженер-экономист) және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (заңгер) бітірген. 1994-2002 жылдар аралығында Жамбыл облысында қаржы жүйесі мекемелерінде әр түрлі басшылық қызмет атқарды. 2002-2004 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті салықтық әкімшілендіру басқармасының бастығы. 2004-2005 жылдары - Астана қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары. 2005-2008 жылдары - Қостанай облысы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2008-2012 жылдары - Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары бойынша салық департаментінің бастығы. 2012-2013 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. 2014 жылғы 21 мамырдан қазіргі тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
23:10, 03 Шілде 2014
Қ. Абдуллаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтановтың 2014 жылғы 3 шілдедегі бұйрығымен Қалилла Абдуллаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.