Бейнебаяндағы көрініс белгісіз галактикадан бастау алады. Бір айта кетерлігі, клип «Диснейлендтің» фантастикалық мультфильмдерін еске түсіретіндей. Youtube көрермендері клиптің өте сапалы түсірілгенін атап, бұл қазақ шоу-бизнесіндегі биылғы жылдың жаңалық әкелген бейнебаяны деп баға беруде.