деп хабарлайды РБК агенттігі. Декрет министрлер кабинеті басшысының орынбасары Әзімбек Бекназаровтың бастамашылығы бойынша қабылданды.
Үкімет мүшелері, Қ.Бакиевтен қол сұғылмаушылық иммунитетін алып тастауға құқылымыз деп санап отыр, себебі ол, әскерге үкіметке қарсы митингке қатысушыларға оқ атуға бұйрық беріп, Қырғызстан Конституциясын бұзған. Және олардың Қ.Бакиевтің кінәлі екендігіне күмәндері жоқ.
Айта кету керек, бұрынғы президент Қырғызстанда жүрген кезінде-ақ республиканың жаңа үкіметінен өзінің қол сұғылмаушылық иммунитетін сақтап қана қоймай, төңкерістен кейін ел аумағын тастап кетуге мәжбүр болған туыстарына да иммунитет беруді талап еткен болатын.
Дүйсенбі күні сондай-ақ Ресейдің Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Молдомус Қонғантиевті республикаға ұстап бергені мәлім болды. Экс-министрге де қылмыстық бұйрықтар берді деген күдік келтірілуде. Бұл оқиға да елдегі жағдайды ушықтырып отыр. Негізінен Қырғызстанның оңтүстік-батыс аудандарында тұратын М.Қонғантиевтің жақтаушылары Ош-Бішкек тас жолын басып алып, өз жерлестерін қамаудан босатудан талап етуде.