Қ.Бішімбаев ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуандық Уәлиханұлы Бішімбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.