«Біздерге 2015 жылы 92 млрд., 2016 жылы 52 млрд. теңге бөлінеді. Осылайша, Ұлттық қордан 145 млрд. теңге беріледі. Біз осы бағдарлама бойынша, 2020 жылға дейін қаржыландыру сомасын 250 млрд. теңгеге жеткіземіз», - деді ол.
Оның айтуынша, мұндай нәтижеге жалдау құны есебінен қол жеткізілетін болады.
«Сонымен қатар, біз соманы қайта қаржыландырып отырамыз. Бұған қоса, қазақстандық ипотекалық компания қор нарығынан оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аясынан да займдар тартады», - деді Қ.Бишімбаев.
Холдинг басшысының айтуынша, осындай шаралардың арқасында 2020 жылға дейін жалпы аумағы 1,4 млн. шаршы метрді құрайтын 29 мың пәтер пайдалануға беріледі.