БАҚ өкілдерінің «Қашаған мұнай өндіру қазан айынан кешіктірілсе кім жауапты болмақ?», деген сауалына жауап берген ол: «Біз жауапты боламыз, инвесторлар жауапты болады. Өйткені бізде инвесторлармен келісімшарттар бар. Онда екіжақты жауапкершілік қарастырылған. Маған Премьер-Министр тікелей тапсырма берді. Нақты жауапкершілікті өз мойныма аламын», - деді.
Айта кетерлігі, осы аптада өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ағымдағы жылдың қазанында «Қашағанда» мұнай өндіруді бастауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
«Осының айналасында барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп, тиісті нормативтік шешімдер қабылданды. Сондықтан «Қашаған» іске қосылуы үшін сіздер консорциуммен бірлесе осы жұмыстарды аяғына дейін жеткізулеріңіз керек», - деген еді Үкімет басшысы ҚР Энергетика министріне.