Қ.Елеусінов «Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС жобаларын бақылау директоры болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМунайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-ы МӨЗ жаңғырту жобаларын басқару департаментінің директоры - басқарушы директор Елеусінов Қадірберді Тәжімановтің «Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС жобаларын басқару инжинирингі департаментінің жобаларды бақылау жөніндегі директоры лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлайды. Ол енді ПКОП жаңғырту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңғыртудың бірінші кезеңін іске асыру ПКОП-та қуаты жылына 600 мың тонна мұнай изомериялайтын қондырғы салуды көздейді, бұл жоғары октанды бензин өңдеу және өндірісте заманауи технологияларды қолдану үрдісін жетілдіру есебінен қоршаған ортаға әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

2016 жылы ПКОП Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына сай К4 және К5 тиісті экологиялық сыныбына сәйкес келетін сапалы, қауіпсіз жоғары октанды бензин өндіруге көшуді жүзеге асырады. Екінші кезең бойынша ПКОП жаңғырту ЖСҚ-ға оң сараптама алды. Келісімшарт жобасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Қ. Елеусіновтің мұнай-газ салалсында тәжірибесі мол. Ол қызметін 1977 жылы Шардара құрылыс материалдары комбинатында инженер-технолог болып бастады. «Мангышлакнефттің» күрделі құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ күрделі құрылыс вице-президенті және т.б басшылық лауазымдарда қызмет етті.

Қ. Елеусінов 1976 жылы Қазақ химиялық-технологиялық институтын тәмамадады. «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төс белгісімен марапатталды.