Wall Street Journal берген сұхбатында ол бұл шаралардың Украинаның уақытша үкіметі шамамен келесі жылы өтеді деп күтілетін президент сайлауына дайындығына, саяси және экономикалық реформаларды қабылдау кезеңінен өтуіне көмектесуге бағытталатынын айтты.
К.Эштонның сөзіне қарағанда, АҚШ пен ЕО-ның Украинаға көрсететін қолдауының көлемі әзірге анықтала қойған жоқ, алайда қаржы ауқымды болмақ. Бұған қоса олар инвестиция мен валютаны нығайту бағытында да қол ұшын бермек.