Еуропадағы БАҚ-тың хабарлауынша, мұндай ұсынысты «жасылдар» фракциясы мен Еуропа социалистерінің партиясы білдірген.
Нобель комитетіне арнаған хатында Еуропарламенттегі «жасылдар» фракциясының тең төрағалары Ребекка Хармс пен Даниэль Кон-Бендит Э.Сноуденнің адам құқығын қорғау саласына, оның ішінде жеке адамның өміріне қол сұғылмаушылық пен пікір білдіру еркіндігінің сақталуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Социалистер мен демократтар топтарының жетекшілері Ханнес Свобода Нобель сыйлығын К.Эштонмен қатар, Сербияның премьер-министрі Ивица Дачич, өзін-өзі жариялаған Косово республикасының көшбасшысы Хашим Тачи алуы тиіс деп санайды.