Сондай-ақ, 50 түлек өте жақсы диссертациялық жұмыстары үшін ерекшеленді.
«Өздеріңізге белгілі Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті әлемнің түрлі елдеріндегі мамандар мен студенттерді біріктіретін халықаралық деңгейде тынбай білім беру және ғылыми зерттеу университеті. Елбасы «Алдағы күнде магистранттар мен PhD докторларын даярлау жүргізілетін болады» -деді. Міне, осыған байланысты біздің оқу орнымыз 2020 жылы халықаралық деңгейдегі зерттеуші оқу орындарының бірі болмақ. Сонымен қатар, алдыңғы қатардағы жетекші оқу орындары дәрежесінен көріну де жоспарда
Аталмыш оқу орнында магистратура мен докторантураға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы 3 жылдың ішінде магистратура бөлімінде білім алушылардың саны 9 есеге, PhD докторлары 7 есеге өскен.